Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда 28 сотталған өтемақы қорына 1,5 млн теңгедей қарыз

Петропавлда 28 сотталған өтемақы қорына 1,5 млн теңгедей қарыз, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» заңды орындау үшін пробация қызметі бөлімі Солтүстік Қазақстан облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемдерді өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізуде.
СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қаласының ПҚБ есебінде 2022 жылдың басынан бастап жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлемі бар 28 сотталған тұрады. Сот үкіміне сәйкес олардың жалпы берешек сомасы – 1 499 370 теңге.

Жыл басынан бері жалпы сомасы 252 290 теңгеге бес сотталған, жалпы сомасы 211 740 теңгеге жеті сотталған өтемақы қорына мәжбүрлі төлемді толық өтеген.

Петропавл қаласының пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері мәжбүрлі төлемді өтемейтін сотталғандармен алдын алу жұмыстарын жүргізеді, атап айтқанда жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жұмыспен қамту орталығына жіберіледі, инфрақұрылымдық жобалар бойынша бар бос орындармен танысады. Егер сотталғандар сот үкімі бойынша тағайындалған мәжбүрлі төлемді мүлде өтемейтін болса, ҚР ҚК-нің 430-бабы (Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге сот актісін не атқару құжатын орындамау) бойынша қоғамдық жұмыстарға тартудан бастап, 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру