Петропавлда адам өлтірді деген күдікпен әйел ұсталды
Петропавл полицейлері адам өлтірді деген күдікпен тұрғылықты жері жоқ әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көптеген пышақ жарақаты салынған 30 жастағы ер адамның мәйіті 5 ақпан күні Брусиловский көшесіндегі жылу трассасының құдығында анықталды.
Оқиға орнына Петропавл қалалық Полиция басқармасы жедел-тергеу тобының қызметкерлері барды. Жүргізілген тергеу амалдары арқылы қылмысқа тұрғылықты жері жоқ 40 жастағы әйелдің қатыстылығы анықталды. Жедел-тергеу іс-шаралары шеңберінде бірер күн бұрын олар құдықтың ішінде спирттік ішімдікті ішіп отырғаны белгілі болды.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті Петропавл қалалық Полиция басқармасының уақытша қамауда ұстау изоляторына қамалды.