Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда әкімшілік полиция қызметкерлері жаяу жүргінші өткелінің жарық проекциясын тестілеуде

Петропавлда әкімшілік полиция қызметкерлері жаяу жүргінші өткелінің жарық проекциясын тестілеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Проекциялық жаяу жүргінші өткелі Қизатов көшесі бойына, “City Mall” сауда орталығына қарсы орнатылды. Цифрлық жүйе жаяу жүргіншілер жүретін жол учаскесіне автоматты түрде жарық түсіреді. Жаяу жүргінші өткеліндегі сары-ақ жарық жолақтарды жүргізушілер 100 метр қашықтықтан көреді.

Жаңбыр, тұман, боран – барлық жол қозғалысына қатысушылардың қозғалысын қиындата түседі. Жол–көлік оқиғаларының басым бөлігі ауа райының қолайсыз күндері орын алып жатады, әсіресе қыс кезінде. Проекциялық жаяу жүргінші өткелінің жұмысы ауа райына байланысты болмайды. Бұл жаңашылдық жаяу жүргіншілер мен автомобилистер үшін негізгі қауіптерді азайтады. Бұл жол учаскесі кездейсоқ таңдалған жоқ: қаламыздың солтүстік бөлігіндегі ірі сауда объектілері мен тұрғын-үй массивтері көп шоғырланғандықтан дәл осы учаскеде автомобильдердің қарқыны байқалады.

СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжановтің айтуынша, жаңашылдықтың басты мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру. Автомобильдер мен жаяу жүргіншілердің кез-келген ауа райы жағдайында сары-ақ жаяу жүргінші жолақтарын алыстан көре алады, және ЖКО қаупі азаяды деп күтілуде. Серік Әлжанов атап кеткендей, жұмыстың сервистік моделін масштабтау шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесе, сонымен қатар тұрғындардың пікірлерін есепке ала отыра, облыс полицейлерімен азаматтардың өтініштерін қабылдау бойынша ғана емес, сондай-ақ жол инфрақұрылымдарын оңтайландыру бойынша және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. Бұл жаяу жүргінші өткелі пилоттық жоба ретінде орнатылды. Аталған жаяу жүргінші өткелін орнатудың пайдасына талдау жасалады. Нәтижесі оң бағаланған жағдайда, осындай жаяу жүргінші өткелдерін қала аумағындағы, облыс аудандарындағы апаттық-қауіпті учаскелерге орнату мәселелері шешілетін болады.

СҚО жолдарында 11 айдың ішінде 236 ЖКО тіркелген, оның нәтижесінде 34 адам қаза тауып, 304-і жарақат алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру