Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жаяу жүргіншіден есірткі тәркіледі

Түркістан облысының полицейлері жаяу жүргіншіден есірткі затын тәркіледі, – деп хкэабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы ауданы ПБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларымен жүргізілген “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы барысында жүрісі күдік тудырған азамат анықталып, тоқтатылды. Содан ордабасылық полицейлер тексеру барысында, орта жастағы азаматтың қол сөмкесінен ақ түсті қағаз бен газетке оралған хош иісті затты анықтады. 

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Жолаушыдан айғақты заттар тәркіленіп, сараптамаға жолданды. Сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың 18,3 гр болатын кептірілген марихуана екендігі анықталды. Қазіргі таңда күдікті ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері өз кезегінде азаматтарға есірткі заттарын сақтау және заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады, сондай-ақ азаматтарды зиянды әдеттерден бас тартуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру