Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда «Daewoo Matiz» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Петропавлда «Daewoo Matiz» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргінші өткелінде 50 жастағы әйелді қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қараша 08.10 сағат шамасында «Daewoo Matiz» автомашинасының 42 жастағы жүргізушісі Жамбыл көшесінің бойымен Труд көшесіне қарай жүріп келе жатып жаяу жүргінші өткелінен өтіп бара жатқан 50 жастағы әйелді қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жарақаттарымен үшінші қалалық ауруханаға жеткізілді. «Daewoo Matiz» жүргізушісі медициналық куәландыруға жіберілді, апат кезінде жүргізушінің сау болғаны анықталды. Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Қанат Әлімжанов хабарлағандай, ЖКО фактісі бойынша материал жинақталып, процестік шешім қабылдау және одан әрі мамандандырылған әкімшілік сотқа жолдау үшін Петропавл қ. ПБ әкімшілік полиция бөліміне тапсырылған. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Биылғы жылғы он айдың ішінде облыс жолдарында 159 жол-көлік оқиғасы тіркелеген, нәтижесінде 30 адам қайтыс болып, 206-сы жарақат алған.

Полицейлер барлық жол қозғалысына қатысушыларға көктайғақ кезінде қауіпті маневрлер мен шұғыл тежеу жасаудан бас тарту қажеттігін ескертеді. Тұман және буалдыр болған кезде ара қашықтықты қатаң сақтап, ақырын жүру қажет. Қысқы жағдайда жаяу жүргіншілердің, әсіресе – балалардың жолдарда аса ұқыпты болғандары абзал.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру