Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері автокөлік құралдарын ұрлаудың бірнеше оқиғаларының жолын кесті

Петропавл полицейлері автокөлік құралдарын ұрлаудың бірнеше оқиғаларының жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласының 63 жастағы тұрғыны Интернациональная көшесіндегі үйдің ауласында тұрған “Audi 80” автокөлігінен автомагнитоласының жоғалғанын айтып, полицияға арызданған. Бұрынырақ облыс орталығындағы Екінші полиция бөліміне қалалықтардан ұқсас қылмыстар туралы бірнеше арыздар келіп түскен. Олардың барлығы темір жол вокзалы және “Жастар” стадионы ауданында жасалған. Қаскөй бейнебақылау құрылғыларымен жарақтандырылмаған аулаларды, ескі моделді машиналарды таңдаған. Кілтерін сындырып, не терезелерін сындырып салонға кірген. Ол автомагнитолаларды, кілт жиынтықтарын, электрсорғыштарды олжалаған. Екінші ПБ қызметкерлері күдіктіні – бұрын ұрлық және тонау жасағаны үшін сотты болған 1980 жылғы қалалықты ұстады. Зерделенген бейнежазба жедел уәкілдердің жорамалдарын растады. Күдікті ұсталып, одан ұрланған заттардың бір бөлігі алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-б. (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Қазіргі уақытта ол екі оқиға бойынша күдіктелініп, қалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. 

– Қылмыстың аталған түріне жол бермес үшін автокөліктерді күзетілетін тұрақтарға немесе жарықтандырылған орындарға қойған жөн, автодабылдар орнатып, автосалон ішіне ақша және құнды заттарды қалдырмаған дұрыс, – дейді Екінші полиция бөлімінің бастығы Руслан Сыздықов. – Аулаларда орнатылған бейнебақылау жабдықтары ұрлықтардың алдын алуда тиімді құрал болып табылады, қылмыскерлердің көбі камераға түсіп қалмас үшін қолсұғушылық жасау райынан қатып жатады. Сондай-ақ бейнебақылау камералары жасалған қылмыстарды ашуда септігін тигізіп жатады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру