Петропавлда екі автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды
Петропавлда екі автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
13 қараша күні сағат 13.40-та Украинская көшесінде "MAN 202" маркалы № 7 бағыттағы автобустың 59 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шыққан кезде, оған қарай келе жатқан 1976 жылы туған жүргізуші басқарған "Shaolin" маркалы № 4 автобусқа апаттық жағдай туғызды. Нәтижесінде, "Shaolin" автобусы электр желісінің тірегіне соғылып, оны құлатты. Зардап шеккендер жоқ; жүргізуші немесе автобуста болған бірнеше жолаушы медициналық көмекке жүгінген жоқ. "Shaolin" автобусына механикалық зақым келтірілді.
"MAN 202" маркалы № 7 бағыттық автобус жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарына немесе басқа мүлікке зиян келтіретін жол қауіпсіздігі ережелерін бұзу) және ӘҚтК-нің 611-бабы 2-бөлігі (Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Ағымдағы жылдың 10 айында Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 159 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде 30 адам қайтыс болып, 206 адам жарақат алды.