Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртаулық азаматша ұрланған банк карточкасымен төрт рет сауда жасаған

Теміртаулық полицейлер ұрланған банк картасымен тауар сатып алған азаматшаны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қараша күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 36 жастағы азаматша хабарласып, белгісіз біреудің оның банк картасын ұрлап әкеткені туралы арызданған.

Жәбірленуші  картасының ұрланғанын бір күн ішінде төрт дүкеннен жалпы сомасы 33 мың теңгеге тауар алғандығы туралы смс-хабарлама келгенде бір-ақ білген.

Полиция қызметкерлері карточка арқылы сауда-саттық жасаған 30-35 жас аралығындағы азаматша екенін анықтады.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

14 қараша күні криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы азаматша ұсталып, ол қылмысын мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру