Қызылордада алаяқ әйел ұсталды
Қызылордада жергілікті тұрғынды жұмысқа тұрғызамын деп алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 қараша күні Қызылорда қаласының Полиция басқармасына биылғы жылдың қазан айында медициналық жедел жәрдем станциясына күйеу баласын жұмысқа тұрғызып беремін деген желеумен 200 мың теңге ақшасын алып, қайтармай жүрген танысына шара қолдану туралы қала тұрғыны арызданған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 26 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.