Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері кюветке аударылған жүк көлігін шығарып алды

Түркістан облысының тұрғыны кюветке аударылған жүк көлігін шығаруға көмектескен полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғасы 12 қарашада «Омбы-Майқапшағай» автожолында  орын алған. Қар көп жауып,  жол тайғақ болғандықтан, «DAF» маркалы 16 тонналық ауыр жүк таситын машина Ертіс өзенінің бойындағы кюветке аударылып кеткен.

– Өзімнің кабинадан қалай шыққанымды түсінбей қалдым, дереу «102» нөміріне қоңырау шалдым. Полицейлер тез келді. Олар оқиға орнына кран мен басқа да арнайы техника әкеліп, менің көлігімді кюветтен шығарды, – деді Түркістан облысының тұрғыны.

– Көлікті құлаған жерінен көтеру бойынша операция сегіз сағатқа созылды. Өте мұқият қимылдау керек болды, өйткені жүк көлігінің суға сырғып кету ықтималдығы жоғары еді. Бірақ қиын әрі үйлесімді жұмыс нәтижесінде габаритті автокөлік кюветтен шығарылды. Амангелді бізге алғысын білдірді, ал біз оның үйіне аман-есен жетуін тіледік, – деді Тереңкөл ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Серік Асылбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру