Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда патрульдік полицейлер мен өрт сөндірушілер бірлескен рейд өткізді

Петропавлда патрульдік полицейлер мен өрт сөндірушілер бірлескен рейд өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс орталығының көшелерінде кезекті бірлескен рейд жүргізілді. Полицейлер мен өрт сөндірушілер арнайы жарық және дыбыс сигналдарын қосып келе жатқан жедел қызмет көліктеріне жүргізушілердің жол беру тәртібін тексерді.

Өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлері үшін әрбір секунд маңызды. Жолдағы кідіріс - шұғыл көмекке мұқтаж адамдардың өміріне төнген қауіп. Тәжірибе көрсеткендей, жалпы Петропавл тұрғындары - жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер де - арнайы сигналмен келе жатқан көліктерге жол беру талабын сақтайды.

Алайда Болатбаев пен Жуков көшелерінің қиылысында Chevrolet автокөлігінің жүргізушісі дабыл белгілерін қосқан өрт сөндіру техникасына жол бермеді. Полицейлер азаматты жауапкершілікке тартты. Жалпы, жыл басынан бері облыс орталығында осындай 4 құқық бұзушылық тіркелген.

"Заң және тәртіп" идеологиясын нығайту аясында жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында бұл бағыттағы рейдтер тұрақты түрде өткізіледі. Олар тек өрт сөндірушілермен ғана емес, медицина қызметкерлерімен де ұйымдастырылады.

Жыл басынан бері облыс аумағында 242 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 330 адам түрлі дене жарақатын алған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру