Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда полицейлер ағылшын тілінде сөйлейтін студенттермен профилактика өткізді

Петропавлда полицейлер ағылшын тілінде сөйлейтін студенттермен профилактика өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда орналасқан Солтүстік Қазақстан университетінде алыс шетелдерден ондаған студент білім алуда. Қалалық полиция басқарамасы шетелдіктердің қатысуымен жасалған қылмыстардың тіркелмегенін, алайда оларға да белгілі бір қауіптің бар екендігін айтады. Қылмыстарға жол бермеу үшін полицейлер СҚУ оқу-зерханалық корпусында профилактикалық әңгіме өткізді.

Кездесуге дәрігер мандығына оқып жатқан жетпіске жуық студент қатысты. Оларға ағылшын тілін жетік меңгерген полиция қызметкерлер дәріс оқыды. Тәртіп сақшылары студенттерге ҚР көші-қон заңнамасының ерекшеліктері, қандай бұзушылықтар үшін елден шығарылатыны туралы түсіндірді. Сондай-ақ полицейлер алаяқтық, есірткі тарату және криминалдық орта жастарды тартуға тырысатын, басқа да қылмыстар жасағаны үшін жауапкершіліктері туралы ескертті.

Халықаралық қатынас тіліндегі дәріс тиімді болды, өйткені шетелдіктердің басым бөлігі қазақ және орыс тілдерін нашар біледі, ал заңдарды білмеу жауапкершілікті жоймайды. "Құқықтық сана — азаматтық борыш" құқықтық сауаттылық сабақтары аясында өткізілген іс-шара "Заң және тәртіп" концепциясын жылжыту тәртібінде ұйымдастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру