Петропавлда полицейлер оқушылардың қауіпсіздігі үшін ұйымдастырылған вебинарға қатысты
Петропавлда полицейлер қауіпсіз мінез-құлық және заңнаманың талаптары бойынша жоғарғы сынып оқушылары үшін өткен вебинарға қатысты. Ол zoom-конференция форматында СҚО әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталық» КММ бастамасымен өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс бойынша өткен конференцияға 20 мектептен 1860 оқушы қосылды. Вебинарда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның, әдістемелік орталықтың, ТЖ департаментінің және Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері сөз сөйледі.
Кәмелетке толмаған балалары жасаған заң бұзушылықтары үшін ата-аналары жауап береді. Осы және жасөспірімдердің түнгі уақыттағы серуеніне, көңіл көтеруге мүлдем болмайтыны туралы тәртіп сақшылары конференция барысында айтты. Басқа да қылмыстардан хабардар етіп, әкімшілік жауапкершілік жайлы ескертті.
Аталмыш іс-шара Жаңа жыл мерекесі, оқушылардың қысқы демалысы қарсаңында және жас солтүстікқазақстандықтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өткізіліп отыр.