Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда полицейлер зейнеткерге ұрланған телефонын қайтарды

Полицейлер 62 жастағы петропавлдыққа ұрланған телефонын қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

62 жастағы петропавлдық полицияға ұрланған телефонын қайтарып берген полицейлерге алғысын білдіру үшін қоңырау шалған. Зейнеткер автокөлігін сатпақшы болып, хабарландыру орналастырғаннан кейін оған бір ер адам мен әйел келген. Ол қонақтарды қуана қарсы алып, үстелге отырғызған, кейін «Samsung A01» телефонының жоғалғанын анықтайды. Көлігіне қызыққан ер адамның қылмысқа қатысы болмай шықты. Ұрланған зат қасында болған, яғни облысымыздың бір ауданында тұратын 46 жастағы әйелден анықталды.

Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша енгізілді.

– Ер адамды көрсеткен қонақжайлығынан алданып қалғаны қапаландырды. Телефонын қайтарған кезде, зейнеткер жедел-тергеу тобының құрамында болған қызметкерлердің аты-жөндерін сұраған еді, – деді Петропавл қалалық ПБ Екінші полиция бөлімі бастығының орынбасары Гүлмира Сағитова.

Кейін ер адам аға жедел уәкілдер Асқар Омаровқа және Жүсіп Қайырлыновқа, аға криминалист Амантай Сатановқа, анықтаушы Айнұр Жаманбаеваға алғысын білдірді.

– Осы адамдар маған ұрланған затымды қайтарып берді, алғысым шексіз. Полицейлердің кәсібилігін алғаш рет көріп тұрғаным жоқ. Өткен жылы алюминий флягім қолды болды. Мен бұндай ұсақ-түйекпен ешкім айналыспайды деп ойладым. Дәл сол күні флягімді қайтарып берді. Енді телефонымды қайтарды. Полицияда сенімді адамдар қызмет етеді, оларға алғысым шексіз, – деді қала тұрғыны телефон арқылы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру