Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Әскери билет” алып беремін: Шымкентте тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды

Шымкентте “әскери билет” алып беремін деп тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 12 маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз адам әскерге бармай, “әскери билет” алып беремін деп алаяқтық жолмен сеніміне кіріп, 80 мың теңге ақшасын өзінің есеп шотына аударып алып, алған қаржысын кері қайтармай жүргенін жазып көрсеткен.

Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру