Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда сотталған пробация қызметкеріне пара бермек болды

Петропавлда сотталған қоғамдық жұмысты жасамау үшін пробация қызметкеріне пара бермек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің Петропавл қаласының пробация қызметі бөліміне К. есімді сотталғанға қатысты заңды күшіне енген үкімнің орындалуы туралы СҚО Петропавл қалалық сотының өкімі келіп түсті.

Есепке қою кезінде сотталған адам қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны өтеудің шарттары мен тәртібімен, оған сот жүктеген міндеттермен және оларды орындамаудың салдарымен танысты.
Қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарған жағдайда жауапкершілік туралы ескертілді.

Ер адам ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша 80 сағаттық қоғамдық жұмыс түрінде Петропавл қалалық сотымен сотталды.

Алайда ол қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде сот тағайындаған жазаны орындаудан үзілді-кесілді бас тартты.

Жұмыс күнінің соңында сағат 19:00 шамасында сотталған К. пробация қызметі бөліміне келіп, қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтару және пробация қызметінің инспекторы тарапынан осы мәселеде көмек көрсету мақсатында инспекторға пара ұсынған.

Сотталған өз проблемасын осылай шешуге бірнеше рет тырысқандықтан, ПҚБ инспекторы оның шарттарына шартты түрде келісіп, бұл факт туралы СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің Өзіндік қауіпсіздік тобына хабарлады.

Жедел іс-шара барысында СҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері СҚО бойынша ҚАЖД өзіндік қауіпсіздік тобының және СҚО ПД өзіндік қауіпсіздік тобымен бірлесіп Петропавл қаласы ПҚБ кабинетінде пробация қызметінің инспекторына 80 сағат қоғамдық жұмыс түрінде жазаны өтеуге тартылмағаны үшін 30 мың теңге сомасында пара бергені үшін К. пара беру жерінде сотталған адамды ұстады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 367-бабының 1-бөлігі (Пара беру) қылмыс құрамының белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Сотталғанға параның 20 немесе 30 еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салу немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру