Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

81 жастағы қария терезеден құлап кете жаздады

Петропавл қаласының тұрғыны өзінің туған күні қарсаңында үшінші қабаттағы үйінің терезесінен құлап кете жаздады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көмекке “Мечта” техника дүкенінің қызметкерлері мен патрульдік полициейлер келіп үлгерді. Әжейдің көмек сұрап жатқаны жайында өтіп бара жатқандар таңғы сағат 10 шамасында “102” арнасына қоңырау шалып хабарлаған. Полиция қызметкерлері келген кезде, таңғы оқиға орын алған дүкен шатырының үстінде, дүкеннің кеңесшілері Денис Григорьев пен Иван Барановский болған. Барлығы бірлесе зейнеткердің аман-есен түсуіне жәрдемдесті. Осы уақытта “жедел жәрдем” де келіп жетті. Абырой болғанда, оқиға ойдағыдай аяқталды. Әжейдің жалғыз тұрып жатқандығы белгілі болды. Зейнеткердің осындай экстремалды жағдайға неліктен барғандығы нақты белгісіз.

Тәулік ішінде полицейлердің “102” арнасына 200-ден 280-ге дейін түрлі хабарламалар келіп түседі. Келіп түскен хабарламаның криминалдық сипатты болмаса да жедел басқару орталығының операторы оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлерін немесе учаскелік полиция инспекторларын, қажет болған жағдайда жедел-тергеу тобын жібереді.

– Шұғыл ден қоюды қажет ететін хабарламаларға алғашқы болып патрульдік полиция қызметкерлері келіп жетеді. Жиі шақыртулар – көршілерінің, мас адамдардың азаматтарды мазалауы, ауруханадан келіп түсетін ақпараттар және басқа да құқық бұзушылықтар. Өртке және басқа да төтенше оқиғаларға шығуға тура келеді. ТЖД қызметкерлері келіп жеткенше полицейлер оқиға орнында болады, – дейді СҚО ПД Штабы бастығының орынбасары Бахытжан Әлібеков.

– Жуырда Мұқанов көшесінде шетелдік көліктің жүргізушісі өз көлігін қаңтарып кетіп, аулаға кіріп-шығар жерді жауып тастаған. Тұрғындар үйдің ауласынан шыға алмаған. “102” арнасына қоңырау шалған. Біз шақырту түскен жерге келіп, жүргізушіні анықтадық, – дейді патрульдік полиция инспекторы Өмірсерік Оразғали.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру