Петропавлда тергеу-қамаудағы 42 жастағы ер адам бірінші рет жеке куәлігін алды
Петропавлда тергеу-қамаудағы 42 жастағы ер адам бірінші рет жеке куәлігін алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа құжатты алу қызметінің қол жетімділігіне қарамастан, ЕС-164/1 мекемесіне жеке басын куәландыратын құжаттары бүлінген, мерзімі өткен немесе жоғалтып алған азаматтар мерзімді түрде келіп тұрады.
Мұндай жағдайларда тергеу органдары мен мекеменің қызметкерлері ұсталған адамдарды құжаттандыру бойынша іс-шаралар жүргізеді.
Мәселен, мекеменің тәжірибесінде ҚР-ның 42 жастағы азаматының бірде-бір рет жеке куәлігін алмаған жағдайы болған.
Петропавл қалалық ПБ көші-қон қызметі бөлімінің бастығына мекеменің арнайы есепке алу бөлімімен аталған азаматты құжаттандыру туралы өтініш берілді.
Тергеу-қамауға алынған ер адамнан 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортының жоғалуына байланысты құжаттандыру ниеті туралы өтініш және жеке куәлік алу үшін мекеменің заң кеңесшісінің атына сенімхат алынды.
Ішкі істер органдары мен мекеме әкімшілігінің күшімен оған Қазақстан Республикасы азаматының алғашқы жеке куәлігі дайындалып берілді.