Петропавлда түнде бильярд ойнаған жасөспірімдер анықталды
Петропавлда өткен түнгі рейд кезінде полицейлер бильярд ойнап жүрген жасөспірімдерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері сағат 23:00-ден кейін үйден тыс жерде жүрген кәмелетке толмаған 44 жасөспірімді анықтады. Тәртіп сақшылары 5 ақпаннан бастап "Түнгі қаладағы балалар" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр.
Петропавлда жасөспірімдер негізінен сауда-ойын-сауық орталықтарының маңдарында полицейлердің көзіне түскен. Сондай-ақ көңіл көтеру орындары да сақшылардың назарында болды. Олардың бірінде полицейлер бильярд ойнап жатқан үш жасөспірімді анықтады. Олардың жанында ойыншылардың бірінің үлкен ағасы жүргендіктен, сағат 22:00-ден кейін сол жерде болуға құқылы екендіктеріне сенімді болған.
Полицейлер кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері тек ата-аналар немесе оларды алмастыратын адамдар бола алатынын айтты. Барлық жағдайда кәмелетке толмаған балаларының түн ішінде серуендеуіне жол берген заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мекеме иесіне де хаттама толтырылды.
Бұдан бөлек, полицейлер есепте тұрған отбасыларды да тексереді. Екі күн ішінде облыс бойынша кәмелетке толмағандар тарапынан немесе оларға қатысты жасалған түрлі 91 құқық бұзушылық анықталды. 35 заңды өкіл ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін, 10-ы – жасөспірімдер жасаған бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылды.