Петропавлда тұрғынды тонап кеткен ер адам ұсталды
Петропавлда тұрғынды тонап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері тонау жасады деген күдікпен Солтүстік Қазақстан облысының тұрғынын ұстады.
Полицияға мамыр айының ортасында сағат 16.00 шамасында Петропавлда Интернационал мен Жамбыл көшелерінің қиылысындағы аялдама павильонының сыртында белгісіз қылмыскер қалалықтардың бірінің смартфоны мен ақшасын ашық түрде ұрлады деген хабарлама келіп түсті.
Петропавл қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданының 27 жастағы бұрын сотталған тумасы ұсталды. Оның алдында күдіктінің жәбірленушімен бірге спирттік ішімдік ішкені, кейін ашық түрде смартфонын және ақшасын ұрлағаны анықталды. Смартфон алынды.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 191-бабының 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Баппен төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.
Полицейлер көшелерде осындай сипаттағы қылмыстарға жол бермес үшін адам аз жүретін аулалар мен тар әрі тұйық көшелерде жүрмеуге, көшеде ақша санамауға, қымбат гаджеттерді ашық түрде көрсетуге, тіпті көшелерде кешқұрым және түнгі уақытта жүрмеуге кеңес береді.