Петропавлда велосипед ұрысы анықталды
Петропавл полицейлері көктемде алғаш рет орын алған велосипед ұрлығын «ізін суытпай» ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл қ. Полиция басқармасының Екінші полиция бөліміне жасөспірім жасындағы балаларға арналған «Forward» велосипедінің ұрланғаны туралы қала тұрғыны жүгінді. Ұлының «темір тұлпары» қыста жертөледе тұрған екен, сол жерден қолды болған. Бұзып кіру іздері болмаған, сондықтан жедел уәкілдер жер төлені ашып кіретін кілттері бар үй түрғындарын тексерген. Күдікті «ізін суытпай» анықталды, ол жәбірленушілердің көршісі, бұрын есірткінің заңсыз айналымы үшін сотты болған 36 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Сатылып кеткен велосипед алынып, иесіне қайтарылды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
– Петропавлда күн жылысымен велосипед тізгіндегендер қатары артады. Велосипед иелері екі доңғалақты көліктерін белсенді пайдалануда немесе үй кіреберісіне дайындап шығарып қойған, – деді Екінші полиция бөлімінің бастығы Руслан Сыздықов. – Бұл ретте, велосипедтер мініп әкетуге қарсы құралдарға бекітілмей қалдырылады. Біреу пәтерге велосипедті кіргізуге ерінсе, енді біреу үй кіреберісіндегі кодты құлыпқа сенеді. Бұған қажетті санитарлық нормаларды сақтаумен өткізілген профилактикалық рейд кезінде көз жеткізілді. Қызметкерлер үй кіреберістерінде бекітілмеген велосипедтерді көріп, иелерімен кездескен және мініп әкетуге қарсы шараларды пайдаланбай баспалдақтың астында қалдырылған велосипедтер ұрылардың олжасына айналатындығы туралы түсіндірген. Сондай-ақ, велосипедке қатысты карточкаларды толтыруды ұсынған, бұл мәліметтер өткен жылы қалалық Полиция басқармасының бастамасымен құрылған деректер базасына енгізіледі. Велосипед ұрланған жағдайда бұл база оны анықтауға көмектеседі.
Демалыс күндері полицейлер Екінші полиция бөлімінің аумағындағы халық тығыз қоныстанған аудандар, яғни вокзал, «Океан» сауда үйінің ауданы және тағы басқа аумақтарда рейд жүргізді. Тәртіп сақшылары домофондар бөтендерден толығымен қорғай алмайтыны туралы ескертеді. Ең дұрысы, велосипедті түнде пәтерге кіргізген жөн. Үйден шыққан кезде екі доңғалақты көлікті көшеде мініп әкетуге қарсы құрылғыларға бекітпей қалдырмау қажет. Велосипедті бейнебақылау камералары бар аумаққа қалдырған дұрыс. Полицейлер санитарлық шектеулерге қарай түсіндіру жұмысын алдағы уақытта да өткізуді жоспарлап отыр. Руслан Сыздықовтың айтуынша, алдын алу жұмысы адамдардың мүліктеріне сақ болуға түрткі болады.і