Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде пробация есебінде тұрған сотталғандар қала тазалығына үлес қосуда

Ақтөбеде пробация есебінде тұрған сотталғандар қала тазалығына үлес қосуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласының Астана аудандық әкімдігінің бастамасымен, Астана аудандық пробация қызметінің қызметкерлері сенбілік ұйымдастырып, оған сотталған-еріктілерді қатыстырды.

Қала тазалығын сақтау, қоршаған ортаны аялауға арналған тағылымды іс-шара барысында белсенділік танытқан сотталған азаматтар өздеріне белгіленген тұрғын- үй аумақтарын қоқыстан тазалап, өзге де сотталған азаматтарға жақсы үлгі көрсетті.

– 8-сәуірден бастап, Ақтөбе қаласының аумағында қаланы санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Осы ретте, Астана аудандық пробация қызметі қызметкерлерінің қолдауымен пробация есебінде тұрған сотталған-еріктілер де қала тазалығын сақтауда шет қалмай, өз үлестерін қосып келеді.
Алдағы уақытта сотталғандардың қатысуымен осындай іс-шаралар қаланың басқа да аймақтарында жалғасын табады деп жоспарлап отырмыз, – дейді Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің бастығы Азат Төлегенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру