Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда жалған жүргізуші куәлігімен көлік тізгіндеген мас жүргізуші тоқтатылды

Петропавлда жалған жүргізуші куәлігімен көлік тізгіндеген мас жүргізуші тоқтатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 шілдеде Петропавлда Шухов көшесінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері орта дәрежедегі алкогольдік масаң күйдегі 33 жастағы қала тұрғыны басқарған «ВАЗ-2114» көлігін тоқтатқан. Деректер базасынан жүргізуші куәлігін тексеру кезінде құжаттың бөгде адамның атына жазылғаны белгілі болды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сараптама тағайындалып, оның нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады. Сонымен қатар, масаң күйде көлік басқарғаны үшін сот шешімімен құқық бұзушыға – 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды. Көлік арнайы тұраққа қойылды.

– ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 6-бөлігімен көлік құралдарын басқару құқығы жоқ, масаң күйде көлік басқарған адамдар үшін жауапкершілік көзделген, — деп тоқтала кетті СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов. — Жыл басынан облыс жолдарында көлік құралдарын басқару құқығы немесе жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлігі мен көлік құралына заңнамамен белгіленген өзге де құжаттары жоқ адамдардың басқару жағдайы, сонымен қатар 117 адам масаң күйде болуы анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру