Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері ауыл тұрғынына жоғалған бір отар қойын қайтарып берді

СҚО полицейлері ауыл тұрғынына жоғалған бір отар қойын қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мамлют ауданы тұрғынының 53 қойы мен 5 ешкісі жоғалды. Ол таңсәріде қойларды ауылдан 3 км жерге бағылуға апарып тастап, өзі үй шаруасымен айналысқан, олардың жоғалғанын 8:00-де анықтаған. Бұрын ер адам малды еркін жаю қатысты әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен. Кейін полицейлерге бірден жүгінбеуін осы себеппен түсіндірген. Өз күшімен іздеуден нәтиже шықпаған. Кешке ауыл тұрғыны аудандық полиция бөліміне көмек сұрап жүгінген.

Аталған факті бойынша жеке құрам бағдарланып, бағдарлар басқа аудандарға да жіберілді. Төрт топ көлікпен іздеуге кіріседі. 5 қызметкерден тұратын тағы бір топ жақын маңдағы ауылдарға барып, үй-үйді аралаған, жергілікті тұрғындар мен бақташылардан сұрастырған. Учаскелік инспекторлар WhatsApp мессенджері арқылы бағдарларды фермерлік және шаруа қожалықтарының жұмыскерлеріне таратты. 12 шілде күні іздеу жұмысымен 5 топ айналысты, полицейлер шекара маңында бірлескен іздеу жүргізу үшін шекарашыларға да жүгінген. Жауын техника пайдалануға кедергі келтірді. Орман, дала, көл жағаларын жаяу резеңке етік пен шекпен киіп тексеруге тура келген. 

Таңертең 13 шілде күні толассыз жауып тұрған жаңбыр астында полицейлер және шекарашылар орманда 40 қойды іздеп табады. Кейін батпақ маңынан өткен кезде қалған жануарлар табылды. Олар иесіне қайтарылды, оған қайтадан әкімшілік жаза қолданатын болады.

– Жыл басынан ауданда мал осымен бесінші рет жоғалып отыр, – деді аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Иса Мұстафин. – Мал иелерін жаю ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Еркін жайылым мал ұрыларына және жануарлардың өз бетімен кетуіне жағдай жасайды. Қаңғып жүрген мал жол қозғалысы қатысушыларына қауіп төндіретінін ұмытпаған жөн. Ағымдағы жылы Мамлют ауданының аумағында 4 мал ұрлау фактісі тіркелді – барлық жағдайларда да иелері малдарын қараусыз қалдырған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру