Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда жас велоспортшылар құрдастарына шеберлік сағатын өткізді

Петропавлда жас велоспортшылар құрдастарына шеберлік сағатын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балалар жылы және «Назар аударыңыз – балалар» акциясы аясында СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері қала мектептерінің бірінің төменгі сынып оқушыларына велосипедпен жүру тәртібі жайлы сабақ ұйымдастырды. Кездесуге оқушылармен бірге @velosport_sko олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері келді.

Жас спортшылар өз құрдастарына велосипедпен жүрудің қыр-сырын көрсетті. Велосабақ қалалық саябақтағы асфальтталған арнайы алаңда өтті. Велосипедшілер мәнерлеп жүруді көрсетіп, өз құрдастарына велосипедпен жүру кезінде негізгі қауіпсіздік ережелері туралы айтты және өздерінің кәсіби велосипедтерімен серуендеп келулеріне берді.

Жолақ арқылы жолдың жүру бөлігінен тек жаяу өту керектігін, қалыпты жағдайдағы тежегіш, велосипедпен жүрген кезде құлаққап тақпау сияқты басқа да қарапайым ережелерді Андрей Ширкаловтың нұсқауымен Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің тәрбиеленушілері бірнеше рет қайталады. Велосабаққа 30-дан аса төртінші сынып оқушысы қатысты, оларға бұл ақпарат жазғы демалыс қарсаңында аса өзекті болып саналады. Алған білімдерін бекіту үшін полиция қызметкерлері велосабаққа қатысушылардың бәріне профилактикалық жадынамалар таратты.

СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов атап өткендей, төрт айдың ішінде балалардың қатысуымен төрт жол-көлік оқиғасы орын алып, бес кәмелетке толмаған бала зардап шеккен. Өткен жексенбі күні тағы жас велосипедшілердің қатысуымен екі апат орын алды.

Жалпы, өңір жолдарында төрт айдың ішінде 64 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 14 адам қайтыс болған және 92-і жарақат алған. Жол-көлік оқиғасы және балалар жол-көлік жарақатын алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері педагогтармен бірлесе отырып, кешенді жұмыстар жүргізуде.

Полицейлер барлық жол қозғалысына қатысушылардан жаз мезгілінде аулалар мен жолдарда баланың көп жүруіне байланысты жол жүрісі ережесін қатаң сақтауды сұрайды. Ата-аналар да далада қауіпсіздік туралы, сонымен қатар жолда жасалған қателіктің кешірілмейтіні жайлы балалармен қосымша әңгіме жүргізуі тиіс екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру