Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

20 жастағы елордалық ақша ұрлағаны үшін ұсталды

Нұр-Сұлтанда ұрлық жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Момышұлы көшесіндегі компьютерлік клубтың 20 жастағы клиенті ойын барысында көрші компьютерде отырған танысы күртешесінің қалтасына 40 мың теңге ақша салғанын байқайды. Қаскүнем көрші отырған адамның құлаққапта екенін және ойын ойнап отырғанын пайдаланып, оның қолма-қол ақшасын ұрлап, белгісіз бағытта жүріп кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жас жігіт ұсталды. Оған қатысты “Ұрлық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру