Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда тұрғыны өзімен бірге тұратын әйелдің телефонын ұрлап кетті

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде “Алматы” ауданының полиция қызметкерлері 24 жастағы Түркістан облысының тумасын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, жігіт танысу сайттарының бірінде өзінен 12 жас үлкен әйелмен танысып, қарым-қатынастары жалғасып, кейінірек бірге тұра бастаған.

Бірге тұратын әйелдің өз шаруаларымен кеткенін пайдаланған жігіт оның  ұялы телефонын және 150 мың теңге көлеміндегі ақша қаражатын ұрлаған. Содан кейін оқиға орнынан бой тасалаған.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Ұрланған телефонды ол ескі теміржол вокзалының маңында белгісіз біреуге сатып жіберген. Полицейлер оның бұрын да осындай қылмыс жасағаны үшін сотталғанын анықтады.

Аталған факті бойынша “Ұрлық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру