Петропавлда жол апаты болған жерден кетіп қалған шетелдік көліктің жүргізушісі ұсталды
Петропавлда жол апаты болған жерден кетіп қалған шетелдік көліктің жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 қыркүйекте М.Жұмабаев пен К.Сүтішев көшелерінің қиылысында екі мотоциклші жарақат алған жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға орнына барған анықтаушыға белгілі болғандай, көлік жүргізушісі солға бұрылғанда екі мотоциклшіге жол бермеген, соқтығысуды болдырмаудың нәтижесінде байкерлер аударылған. Олардың бірі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін шығарылды.
Жол-көлік оқиғасы кешкі сағат 10 шамасында болған. Көлік жүргізушісі апат болған жерден кетіп қалған. Жергілікті полиция қызметі басқармасы іздестіру тобының қызметкерлері іздестіру іс-шараларын жүргізді, нәтижесінде полицейлер көліктің маркасын анықтады. Жедел басқару орталығының камералары апат сәтін жазып алған. Сонымен қатар, полицейлер шетелдік машинаны басқарған жүргізушіні анықтауға мүмкіндік беретін қосымша жедел іс -шаралар жүргізді.
45 жастағы Volkswagen Touareg автомашинасының жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы, 1-бөлігі және 611-баптың 2-бөлігі бойынша әкімшілік материал жиналды.
– Биылғы жылы іздестіру тобының қызметкерлері, жол-көлік оқиғасы салдарынан азаматтар зардап шеккен, оқиға орыннан қашып кеткен 20 жүргізушіні анықтап, ұстады. Бейнебақылау камералары – бұл жұмыстың тиімді болуына ықпал ететін құрал екендігін айта кету керек. Бұл тек ЖБО камералары ғана емес, сонымен қатар жеке ұйымдардың ғимараттарында орналасқан камералар да болып табылады, – деді СҚО ПД Жергілікті полиция басқармасының бастығы Айдын Байматов.