Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері екі күнде 5 қару мен 120-дан астам патрон тәркіледі

СҚО полицейлері екі күнде бес қару мен 120-дан астам патрон тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері бір күннің ішінде заңсыз қару сақтаудың үш фактісін анықтады. 29 қыркүйекте Есіл ауданында тексеріс барысында тәртіп сақшылары мотоблок мінген аудан орталығының екі тұрғынын тексеру үшін тоқтатқан. Шанағын тексеру барысында қос ұңғылы “ТОЗ-63” қаруы табылды. Мотоблоктың 24 жастағы иесінде оны сақтауға рұқсаты болмаған. Полицейлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша хаттама толтырды. Сол күні Тайынша ауданы мен Шал ақын ауданының тұрғындарынан “ИЖ-18” маркалы екі қару алынды.

– Аталған фактілер “Қару” облыстық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында анықталды, – деп хабарлайды СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов. — Оның мақсаты — қару қолдану арқылы жасалатын қылмыстың қаупін азайту. Бүгінгі таңда облыста 1358 тіркелген қару иесі тексерілді. Оның 27-сі сақтау қағидаларын бұзғаны үшін, жеті – қайта тіркеу мерзімін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Бұзушылықтарды жойғанға дейін 37 бірлік қару уақытша сақтауға алынды. Қару мен патрондарды заңсыз сақтау фактілерін анықтауға ерекше көңіл бөлінеді. Аталған құқық бұзушылық үшін учаскелік инспекторлар мен әкімшілік полиция қызметкерлері алты хаттама толтырды. Заңсыз айналымнан бес бірлік қару, ал Есіл ауданының тұрғынынан тегіс ұңғылы қарудың 122 патроны мен ойық ұңғылы қарудың бес патроны алынды.


Полицейлер жауапкершілікке тартылмаудың жолы – заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсыру екендігін еске салады. “Қару” ЖПІШ 28-30 қыркүйек аралығында өткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру