Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда жыл басынан бері 530 жасөспірім ІІО-ға жеткізілген

Петропавлда полицейлер балалар еңбегін пайдалану фактілерінің алдын алу бойынша рейдтік іс-шараларын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жазғы демалыс кезінде полицейлер оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл аударады. Сақшылардың алдына қойылатын басты міндет – кәмелетке толмағандар тарапынан және оларға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Осы мақсатта полиция қызметкерлерімен түнгі рейдтер, тіркеуде тұрған жасөспірімдердің тұрғылықты жері бойынша тексеру жұмыстары, сондай-ақ күндізгі уақытта балаларды жұмыспен қамту мәселесіне баса назар аударады.

«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері білім бөлімінің өкілдерімен бірлесіп қалалық мәдениет және демалыс саябағының аумағында кезекті профилактикалық іс-шарасын өткізді. Рейд барысында кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзу және балалар еңбегін пайдалану фактілерін анықтау және алдын алу басты назарда. Тексеріс барысында бұзушылықтар анықталған жоқ. Соған қарамастан, дара кәсіпкерлермен қосымша профилактикалық әңгімелер жүргізілді және егер қызметкер кәмелетке толмаған болса, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатындығы түсіндірілді.

Петропавл қаласы полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Оңалбек Әбдікәрімовтің сөзінше, жыл басынан бері облыс орталығының аумағында 160-тан астам рейдтік іс-шара өткізіліп, оның барысында түрлі құқық бұзушылықтар үшін ішкі істер органдарына 530 жасөспірім жеткізілді. 12 жасөспірім және 16 қолайсыз отбасы анықталып, есепке алынды. Сондай-ақ әкімшілік жауапкершілікке 647 құқық бұзушы тартылды. Ең жиі кездесетін құқық бұзушылық – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде болуы. Жыл басынан бері Петропавлда осындай 597 факт анықталды.

Жаңа оқу жылының басталуына тура бір ай қалғанымен, полиция қызметкерлерінің түнгі профилактикалық рейдтері одан әрі жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру