Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда жыл басынан бері тәртіп бұзған 31 сотталған бас бостандығынан айырылды

Петропавлда жыл басынан бері тәртіп бұзған есептегі 31 сотталған бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қаласы пробация қызметі бөлімінің есебінде қоғамдық жұмыстар, бас бостандығын шектеу, шартты түрде соттау, жазаны орындауды кейінге қалдыру және белгілі бір лауазымға орналасу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру сияқты бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталған адамдар бар.

Осы шаралардың әрқайсысы сотталған адамның жазаны өтеудің белгіленген тәртібі мен шарттарын сақтауын көздейді, осы нормалар қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамасымен регламенттеледі.

Тәжірибе көрсеткендей, пробация қызметінің барлық есепке алынған бөлімдері жабық мекемеден тыс түзету мүмкіндігін ақтамайды, сот шешімінің және пробация қызметі бөлімінің талаптарын орындамайды, жазаны өтеуден қасақана жалтарады немесе ПҚБ инспекторларының бақылауынан жасырынады.

Мұндай жағдайларда заңда бас бостандығынан айыру қарастырылған. Осы жылдың төрт айында ережені бұзғаны үшін 31 сотталған бас бостандығынан айырылды. Өткен жылдың 12 айында бостандығын пробация есебіндегі 142 сотталғанның бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Петропавл қаласы пробация қызметі бөлімімен есепке алынғандар үшін тергеу изоляторына экскурсия өткізілді. Алғаш рет экскурсияға 20-25 жас аралығындағы жас есепке алынғандар келді. Есеп берушілер күн тәртібімен, сондай-ақ ұстау шарттарымен танысты.

– Бұл адамдар бұрын-соңды бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтемеген. Экскурсияның мақсаты – оларды жазаны өтеу ережелерін бұзудан сақтандыру. Экскурсия алғаш рет өткізіліп отыр, бүгін оған 10 есепте тұрған қатысты. Алдағы уақытта экскурсия тоқсан сайын өткізілетін болады, – дейді пробация қызметінің бөлімше бастығы Азамат Макенов.

 

– Мен ҚР ҚК-нің 106-бабы және 293-бабы бойынша үш жыл екі айға бас бостандығын шектеуге сотталдым. Бүгін мен тергеу изоляторын бірінші рет көрдім. Қорқынышты болды. Мен жұма сайын белгіленуге барып тұрғанда инспекторлар менімен профилактикалық әңгіме өткізеді. Бірақ бүгін мен аспанды тор арқылы өз көзіммен көрдім. Бойымда тек қорқыныш сезімі ғана. Мен мұнда болғым келмейді. Мерзімімнің аяқталуына үш ай қалды. Әрі қарай да заңды сақтаймын, – дейді СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қаласы пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған М.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру