Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аралда пробациялық бақылау белгіленген сотталғандар арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Аралда пробациялық бақылау белгіленген сотталғандар арасында үстел теннисінен жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арал аудандық пробация қызметі мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен үстел теннисінен жарыс өтті. Аталмыш шараға пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түріне сотталған 20 азамат қатысты.

Сотталған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу, олардың уақытын тиімді ұйымдастырып, салауатты өмір салтына баулуды мақсат еткен жарыс Жастар ресустық орталығында өткізілді.

Жарыс өте тартысты әрі қызық өтті. Әр қатысушы өзінің жеңімпаз атануға лайықты екендіктерін көрсетті. Үздік ойыншылар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жарысқа қатысушылар ойыннан жақсы әсер алғандарын, бойлары бір сергіп қалғандарын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру