Петропавлдағы әйелдер колониясында сұлулық байқауы өтті
Петропавлдағы әйелдер колониясында сұлулық байқауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көктемгі әйелдер мерекесі қарсаңында сотталған азаматшалар арасында стандартты емес сұлулық байқауы өткізілді. Сотталған әйелдер пішіндерімен, стандарттан тыс бойларының ұзындығымен және бірегейлігімен тәнті етті.
Жеті қатысушы өз киімдерін тігіп, шығармашылық нөмірлерін дайындады. Киім тігу, макияж, шаш жасау – бұл тек олардың ісі. Бұл жерде мекемедегі Петропавл қаласындағы кәсіби колледжінде «Визажист-шаштараз» мамандығында оқитын сотталған әйелдер көмекке келді.
«Томпақ ханшайымдар» сайыстың әр кезеңінде әртүрлі костюмдерді қолданып, қалың жұртшылықты тәнті етті. Пакеттен тігілген көйлектер, 18 ғасырдағы ханшайымдардың киім үлгісі бір-біріне ұқсамайды.
– Сотталғандар барлық киімдерін өздері жұмыла отырып тікті, сайысқа бір ай дайындалды. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінде мұндай ерекше сайыс бірінші рет өткізіліп отыр. 7 әйел қатысуда. Жыл сайынғы сұлулық іс-шараларынан айырмашылығы, біз әдеттегі стандарттардан алыстағанымызбен ерекшеленеді. Әдетте, сұлулықтың стандарты әрдайым арық, жоғары бойлы модельдер болатын, бұл жылы біз томпақ әйелдерге көңіл аударуға шешім қабылдадық. Сотталған әйелдер осындай іс-шара өтеді дегенде қатты таң қалды және бір ай бойы өз қолдарымен мерекелік костюмдер жасап, қазылар алқасын қаншалықты әдемі және креативті таң қалдыратыны туралы ойлады. Сотталған әйелдер өздерінің шығармашылық нөмірлерін де аса қызығушылықпен, ізденімпаздықпен дайындады, – деді мекемеде.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды, біріншісі – әйелдер өздерін әдемі және креативті түрде таныстыруы керек болды, содан кейін дайындалған бейнелер мен костюмдерді көрсететін «Дефиле», сотталғандардың ақыл-ойын ашатын «Құпиясы бар сұрақ сайысы», әйелдер өздерінің актерлік шеберліктерін және бүкіл іс-шараның ерекшелігі – бұл «Эклерлерді жеу» тосын сайысы, онда қатысушылар тез және эклерді әдемі, тамсандырып жеуі керек еді.
– Өте жағымды сезімдемін. Жеңісті күтпеп едім. Басынан бастап мен тіпті қатысамын деп те ойламадым. Жасақтағы әйелдер «Сен неге қатыспайсың? Сен өте сұлусың. Жеңіске жетесің. Біз саған қолымыздан келгенше көмектесеміз» деп сендірді. Солай болып шықты. Бұл маған көп күш-қуат пен үміт сыйлады. Залда отырған адамдар барлығы маған шапалақтап, қатты қолдады. Сахнаға шыққанда қорқыныш пен толқуды сезіндім, өйткені бұл мені сахнаға алғаш шығуым десем де болады. Конкурсқа деп 200 пакеттен көйлек тіктік. Маған бір сотталған көмектесті. Көңіл-күйім тамаша, барлығы жеңіспен құттықтап жатыр, – байқау жеңімпазы Олеся Смольникова.
– Бүгін мен өте қуаныштымын. 2-орынға ие болдым. Жанымды қинап жүрген ауырлық бүгін әнмен, көріністермен, билермен, күлкімен, қол шапалақпен жойылды. Маған өте ұнады, – сотталған Алия Дәуренбекова.
– Эмоциялар тұла бойымды толтырып барады. Мен 3-орынға өте ризамын. «Ақынның арманы» номинациясын иелендім, жазушыларда әрдайым әдемі әйелдер муза болған. Мен бүгін өзімді ерекше әдемі сезінудемін. Мен бұл байқауға үлкен жауапкершілікпен дайындалдым. «Үй тапсырмасы» байқауында мен «Молитва» биін көрсеттім. Біз сахнада шам жақтық. Барлығы өте әдемі болды. Мен сахна сыртына шыққанда сахнаның артында тұрған сотталған әйелдер бұл бидің бәрін қатты толқытқанын айтты. Мен дәл осындай реакцияны күттім. Осы би арқылы мен Құдайға бет бұрдым. Өз жанымның барлық азаптарын жеткізгім келді. Бостандықта қызым бар, оны қатты сағындым. Би билегенде қызым ойымнан кетпеді. Соңында шам ұстап тұрғанда, жылап жібердім, – сотталған Татьяна Васенина.
Байқауға қатысушылар риза болып, жағымды эмоциялар алды. Сайыс нәтижесі бойынша бас жүлдені «Томпақ ханшайым» атағымен сотталған Олеся Смольникова, екінші орынды «Жгучая женщина» (Күйдірер әйел) Алия Дауренбекова және үшінші орынды «Ақын арманы» номинациясымен Васенина Татьяна иеленді.
Бұл іс-шараның мақсаты – сотталғандарда адамгершілік-эстетикалық тәрбиені дамыту, стандартты модельдер үшін ғана емес, сонымен қатар «+size»стиліндегі модельдер үшін әйелдік стандартын қалыптастыру.