Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдық полицейлер ұрлық жасады деген күдікпен ауылдардың бірінде қала тұрғынын ұстады

Петропавлдық полицейлер ұрлық жасады деген күдікпен ауылдардың бірінде қала тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға ұрлық туралы арызбен Аққайың ауданының тұрғыны жүгінді. Түскі үзілісте үйіне келген әйел есіктегі құлыптың бұзылғанын анықтайды. Белгісіз қылмыскер «Toshiba» ноутбугін және екі ұялы телефонды қолды қылған. Сондай-ақ, тоңазытқыштағы азық-түліктер ұрланған. Шығын сомасы 49 мың теңгені құрады. Шақырту бойынша ауылға аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы және қосымша топ келді. Қысқа мерзімде куәгерлерден жауап алынып, күдіктінің болған жерлері анықталды. Күдікті Петропавл қаласының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның айтуынша, ол хат алмасып танысқан қызға келген екен. Автобусқа кешігіп қалады, құлыпталған үйді байқап, үйге ұрлыққа түседі. Сондай-ақ, ол олжалаған заттарын ауыл көшесінде сатып жібермекші болған. Бұл әрекетінен түк шықпаған соң, заттарды сындырған және ұрланған азық-түлікпен жасырын ауқаттанып алу үшін қолайлы орын іздеген. Жедел уәкілдер оны қараусыз қалған ғимаратта тамақ жеп отырған кезінде «ізін суытпай» ұстады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

– Өткен жылы күдіктінің бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққаны және жазасының жарты мерзімін өтеп, қазіргі уақытта пробациялық бақылауда тұрғаны анықталды, – деді аудандық полиция бөлімінің бастығы Руслан Сапаров. – Жұмысқа орналасып, белгіленген шектеулерді орындаған, алайда, сағат 23-тен кейін тұрғынжайдан тыс жүруге, ішкі істер органдарын хабардар етпей тұрғылықты жерінен кетуге тыйым салынған, ол аталған тыйымдарды өрескел бұзды. Жыл басынан ауданда бөтеннің мүлкін ұрлаудың тоғыз фактісі тіркелді – өткен жылғы ұқсас кезеңде мұндай 14 факті орын алған. Барлығы ашылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру