Петропавлдық тұрғын патрульдік полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді
Петропавл қаласының тұрғыны Гүлнәр Басқымбаева патрульдік полиция батальонының командиріне қызметкердің іс-әрекетіне алғыс білдіру үшін арнайы келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 қазан кешкісін 20 жылдық жүргізуші өтілі бар Гүлнар Басқымбаева өзін рөлде отырған кезінде нашар сезінген. Ауру жанына батқан ол ешкімді соғып кетпесем екен деген ойдың жетегінде болған.
Әйел патрульдік машинаны көзі шалып, белгі бере бастаған. Оған полиция аға лейтенанты Нұрболат Қабдош келген. Гүлнәр одан ауырсынуды басатын дәрі бар ма деп сұраған. Жедел жәрдем шақыру ұсынысынан бас тартқан. Сол сәтте полицей әйелді үйіне жеткізіп салу үшін оның көлігінің рөліне отырады.
– Жолда кездескен дәріханалардың барлығы жабық болды. Әйтеуір ашық бір дәріхананы байқадық. Ол маған дәрі мен су сатып әкеліп берді. Кіммен тұратынымды сұрады. Мен қазір үйде ешкім жоқ екендігін айттым. Ол: «Сізге кім көмектеседі?» – деп сұрады. 20 минут өткен соң да қоңырау шалып, жағдайымды білді, – деді қала тұрғыны Гүлнәр Басқымбаева.
Шақыртумен келген дәрігер әйелге көмектесіп үлгерген. Дәрігер таблетка мен бір жұтым су оның өмірін қауіптен аман алып қалғанын айтқан. Полицейге риза болған Гүлнәр сауыққан соң батальонға Нұрболат пен оның командиріне алғыс айтуға келді.
– Мен басшылыққа, комбат Қайрат Қайырбекұлына қызметкерлердің бойында адамдарға деген қарым-қатынасты қалыптастырудағы тәрбие жұмысы үшін жеке алғыс білдіремін, – деді әйел.
Нұрболат өзінің әрекетін ерлік деп санамайды, адамдарға көмекке келу – полицейлердің міндеті – дейді ол.
– Жолда әртүрлі жағдайлар болып тұрады, машинаның ақаулығы шығып қалады, сонда көмектесеміз. Кейбір кезде басқа бір жерге үлгермей жатқанда ауырып жатқан кісіні жеткізуге көмектесеміз. Аяғы ауыр әйелдерді ауруханаға жеткізуге көмектесеміз. Осындай жағдайларда көмек сұрайды, сонда біз еш кедергісіз көмектесуге тырысамыз, – деп атап өтті Петропавл қаласы ПБ ППБ қызметінің аға инспекторы Нұрболат Қабдош.
(Полицейге алғыс | 6:47 – 9:09)