Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдықтар «Instagram» мен «OLX»-тегі алаяқтардың айласына түсіп қалды

Петропавлдықтар «Instagram» мен «OL-тегі алаяқтардың айласына түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда «Instagram» мен «OLX»-те алаяқтық әрекеттердің 95 фактісі тіркелді. Бүгінгі күні жедел уәкілдердің айтуынша, бұл платформалар арқылы тапсырыс беру немесе заттарды сату қауіпті екендігін, сондай-ақ алаяқтардың мұнда да өз айлаларын жүзеге асыратындығын атап өтті.

Осындай онлайн сауда жасау кезінде сақ болу керек. Пікірлерге, аккаунттардың құрылған уақытына назар аударған дұрыс. Боттардың көмегімен қылмыскерлер оң пікірлер жазатындығын атап кеткен жөн. Тексерілген интернет-дүкендерге ғана тапсырыс беру керек, – деп тоқтала кетті Петропавл қ. ПБ бастығы Жандос Мұқатов.

Петропавл тұрғыны «OLX» арқылы құндыз тонын сатпақ болады. «WhatsApp» нөміріне алғысы келген адам хабарласып, киіп көрместен сатып аламын деген. Тонын сатқысы келген әйел күдіктеніп, бірден сатып алушымен байланысын тоқтатқан.Жыл басынан бері Петропавлда 298 интернет-алаяқтық тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру