Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда автокөлік шұңқырға түсіп кетті

Петропавлда автокөлік шұңқырға түсіп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарашаның үшіне қараған түні Петропавлда Жұмабаев пен Мұқанов көшелерінің қиылысында “ВАЗ 2112” автокөлігінің жүргізушісі коммуналдық қызметтер қазған шұңқырға түсіп кеткен. Жүргізуші көлік құралын тастап кетіп, болған жағдай туралы ішкі істер органына хабарламаған. Қазіргі уақытта Петропавл қ. ПБ жол полиция батальонының қызметкерлері облыс орталығының 30 жастағы тұрғынын анықтады.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша әкімшілік іс жүргізу үшін материал жиналуда, оның аясында оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру