Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Пиар жасаушы»: Өскеменде екі алаяқтық фактісіне қатысы бар күдікті анықталды

Жарнама жасатпақ болған қазақстандықтарды алдаған өскемендік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәуір айының соңында ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері екі алаяқтық фактісіне қатысы бар деген күдікпен облыс орталығының 29 жастағы тұрғынын анықтады.

Ер адам әлеуметтік желіде жарнама орналастыру бойынша қызмет көрсету сылтауымен Алматы қаласының 33 жастағы тұрғынына тиесілі 10 мың теңгесін алдап алған. Жәбірленуші қаражатты банктің мобильді қосымшасы арқылы аударған.

Қаскөй әлеуметтік желілердегі парақшаларына жарнама жасағысы келген тағы да еліміздің әр өңірінен үш клиент болған. Күдіктінің әрекеттерінен келтірілген жалпы шығын шамамен 50 мың теңгені құрады.

Полицейлердің жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде, «пиар жасаушы» ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді, одан жауап алу кезінде ол кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы төрт жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру