Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада ер адам бірге тұрған әйелді өлтірді деген күдікке ілінді

Ақмолада ер адам бірге тұрған әйелді өлтірді деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 мамырда Бұланды аудандық полиция бөліміне ауылдық дәрігерлік амбулаторияның фельдшерінен жедел медициналық көмек көрсету бойынша шақыртуға шыққанда бет жағында гематомасы бар әйел адамның мәйіті табылғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы келді. Марқұмның жеке басы анықталды, ол 44 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол қайтыс болған әйелімен бірге тұратын 39 жастағы ер адам болып шықты.

Аталған факті бойынша Бұланды АПБ ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті қамауға алынды. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру