Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жылдамдық режимін бұзудың 3 мыңнан астам фактісі тіркелді

СҚО-да жылдамдық режимін бұзудың үш мыңнан астам фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысында Жол қозғалысы ережелерінің түрлі бұзушылықтарын жасаған 27 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Статистика көрсеткендей, ЖҚЕ бұзушылықтарының басым бөлігі жылдамдық режимін бұзуға қатысты болған. Мұндай 3 369 факті тіркелді.

Полицейлер елді мекендерде көлік құралдарының жылдамдығы сағатына 60 км-ден аспауы, арнайы тиісті жол белгілерімен белгіленген қозғалыс режимдерін қоспағанда, сағатына 90 км-ден аспауы, тұрғын үй аймақтарында және аула аумақтарында сағатына 20 км-ден аспауы тиіс екендігі туралы еске салды. ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы (Белгiленген жүру жылдамдығын арттыру) бойынша 5-тен 30 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу көзделген.

– Ауа райы жылысымен жолда көлік саны арта түседі. Көп жағдайда жол-көлік оқиғалары жылдамдық режимін бұзатын жүргізушілермен жасалады. Барлық жол қозғалысына қатысушыларды Жол жүрісі қағидаларын бұлжытпай сақтауға шақырамыз. Сапарға шықпас бұрын жүргізушілер көліктің жағдайына назар аударуы қажет. Сондай-ақ, үй жануарларының макеттері орнатылған қала сыртындағы жолдарда жылдамдықты азайтып, аса сақ болу қажет, –  дейді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Жалпы, ЖҚЕ-нің 11 мыңнан астам өрескел бұзушылығы, сондай-ақ рөлде телефонмен сөйлесудің 1 402 фактісі анықталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру