Погондағы полицейлер – Дегениязовтар династиясы
– Мен ішкі істер органдарында 1994 жылдан бастап 2018 жылға дейін жұмыс істедім. Бала кезімнен бастап милицияда қызмет етуді армандадым, тезірек формасын киіп, адамдарды қылмыскерлерден қорғауды армандадым. Менің бала арманым орындалды және подполковникке дейін полицияда 24 жыл абыроймен қызмет еттім. Менің жолымды бауырларым жалғастырды, тіпті туған қарындасым да полицей күйеуді таңдады. Қазір отставкадамын, әйеліммен бірге бес баланы тәрбиелеп отырмыз, – деп бөлісті Еркін.
«Мен әрқашан ағамды мақтан тұтамын. Полиция – бұл өте қиын және күрделі мамандық, өйткені адамдар үнемі өз өмірін адамдар үшін тәуекел етеді. Еркін ағам әрдайым жұмыста болатын, оны отбасылық дастархан басынан жиі көре бермейсің, – деп Лаура әңгімелеп берді. Мен күйеуім Серікпен кездескен кезде, ол да полицей болады деп ойлаған жоқпын. Мүмкін, бұл тағдыр, мүмкін сәйкестік болар, бірақ мен үшін бұл қалыпты жағдай болды. Біз үйлендік және қазір біздің төрт керемет балаларымыз бар.
Династия өкілдерінің бірі – Нұркен Дегениязов. Нұркен облыстық Полиция департаментінің ЖҚАЖ-нда қызмет етеді. «ЖҚАЖ» – әкімшілік полиция басқармасы бөлімшелерінің құрылымындағы жылдам қимылдайтын арнайы жасақтар. Олар қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге, қасақана құқық бұзушылықтардың жолын кесуге және қарулы қылмыскерлерді ұстауға арналған.
– Біз Нүркенмен оқу орында таныстық. Бір топта оқыдық. Әдемі келісті жас жігіт. Ол маған бірден ұнады. Оның тарапынан да мен өзара жауапты сездім. Содан бері біз кездесе бастадық және курстан соң бір айдан кейін сырға салу рәсімін жасадық, бұл құдалар арасындағы соңғы келісімді білдіреді. Жазда біз үйлендік. Мен органдағы қызметті одан әрі жалғастырмадым, оның орнына отбасын, келін мен жардың рөлін таңдадым, бұл таңдау бойынша мен әлі күнге дейін еш өкінбеймін, – деп жылылықпен еске алады Шолпан.
-Біз отбасымыз тату, ашық екенін мақтан тұтамыз. Біз барлығымыз шыншылдықпен, қағидаттылықпен және әділдікпен ерекшеленеміз. Қазіргі әлемде бұл өте маңызды! – деп атап өтті Нұркен. – Қиын және қауіпті жұмыс біздің отбасымыздағы қарым-қатынасымызға теріс әсер етпейді. Керісінше, полиция бізді жақындастырады. Талқылау үшін ортақ тақырыптар әрқашан бар.
папам агаларым жезделерим мактан тутамын сиздерди😍♥️🙏🏻