Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы ПД-да Ресейден әкелінген автокөлік жүргізушілеріне арналған call-орталық жұмысын бастады

Маңғыстау облысы Полиция департаментінде Ресей Федерациясынан әкелінген автокөлік жүргізушілеріне арналған колл-орталық жұмысын бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сенім телефоны жұмыс істеген алғашқы күні 30-ға жуық қоңырау келіп түсті. Өтініш білдірген азаматтардың көпшілігі тізімде бар-жоғын тексеруге, одан әрі пайдалану мүмкіндігіне, ҚР-да көлік құралдарын тіркеу тәртібіне қатысты, сондай-ақ өзге де мәселелер бойынша сұрақтар қойды.

Айта кетейік, Маңғыстау облысының кез келген тұрғыны 8 (7292) 47-45-69, 47-45-11 телефондары арқылы Ресей Федерациясынан әкелінген көлік құралын пайдалануға және тіркеуге қатысты сұрақ қоя алады, сондай-ақ ІІМ-нің есептік деректері бойынша өз автомобилінің РФ-да тіркелуін тексере алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру