Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері тұрғынның көлігін тартып алған күдіктіні ұстады

Түркістан полицейлері тұрғынның көлігін тартып алып кеткен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, танысы құны 800 мың теңге тұратын “Ваз-2115” автокөлігін тартып алғанын жеткізген.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері Төлеби АПБ-нің СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 389-бабы (Өзінше билік ету) бойынша тіркеді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Төлеби АПБ-нің полицейлері күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты жері бойынша ұстап, полиция бөліміне жеткізді.

Оқиға бойынша мәнжайды анықтау кезінде күдіктіге 400 мың теңге қарыз екені белгілі болды. Жәбірленуші уәде еткен уақытында қарызға алған ақшасын яғни күдіктіге тауып бере алмаған соң, ол күш көрсетіп жәбірленушінің машинасын алып кеткен. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңға қайшы іс-әрекеттерді жасамауға, туындаған мәселелерді әркез заң аясында шешуге кеңес береді. Егер сіз заңсыз әрекеттердің құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада “102” телефонына хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру