Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Терезе орнатамын”: Семейде алаяқ тұрғынды алдап кетті

Семейде алаяқ тұрғынды алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 3 қарашасында Семей қ. ПБ Әуезов ПБ-не 36 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, ағымдағы жылдың қыркүйек айының ортасында бейтаныс ер адам пластикалық терезелерді орнатып беремін деген сылтаумен, сенімге кіріп оның ақшасын иемденген. Осылайша 465 мың теңге көлемінде залал келтірді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қаланың 32 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта оның ашылмаған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, – ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Полиция департаменті тағы да азаматтарды сақ болуға, бейтаныс азаматтарға сенбеуге шақырады. Қандай да бір тауар ресімделген жағдайда, әрқашан оның бар екеніне немесе оны ұсыну мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру