Пойызда шу шығарған азаматтарды түсіруне мәжбүр болды
Көлік полицейлері «Өскемен – 1-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызынан 2 ер адамды түсіріп алды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
«Өскемен-1-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызының жүру жолында Өскемен – 1 станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне пойыз бастығынан вагондардың бірінде құқық бұзушылардың бар екендігі туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына көлік полицейлері жедел түрде келді.
Тексеру барысында Шығыс Қазақстан облысының 1963 және 1985 жылы туылған екі тұрғыны анықталды. Ер адамдар масаң күйде өздерін агрессивті түрде ұстап, былапыт сөздер айтып, ескертулеріне құлақ аспай, жолаушылардың тыныштығын бұзып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, құқықбұзушылардың орташа дәрежедегі мас күйде болғандығы анықталды. Олар акт бойынша жоғарыда көрсетілген пойыздан актпен түсірілді. Бұдан соң, құқық бұзушыларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы (Жекелеген қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері еліміздің әуе және теміржол көлігі нысандарында 10 440 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде алкогольді ішімдіктерді ішіп, қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін 1148.