Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ЖКО-дан үш адам көз жұмды

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасы орын алды. Қайтыс болғандар бар,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 4 наурызында сағат 00:30 шамасында «Қызылорда-Жалағаш» тас жолының Сырдария ауданы, Қалжан Ахун ауылы тұсында «Ваз-21214 Нива» маркалы автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, қарама-қарсы бағытта келе жатқан «Опель Вектра» автокөлігіне соқтығысқан.

Салдарынан үш адам қайтыс болды, бес адам жарақат алды. Аудандық ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен (Абайсызда екі адамның немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Мән-жайы анықталуда.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру