Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Покровка-Жаңажол» автожолында жол-көлік оқиғасы болды

«Покровка-Жаңажол» автожолында жол-көлік оқиғасы болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 наурыз күні сағат 15.30-да Кеңқияқ кентініңжанындағы облыстық маңызы бар «Покровка-Жаңажол» автожолының 54 шақырымында «Митсубиси-Лансер» автокөлігінің 54 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласы жағынан Темір ауданының Кеңқияқ кенті бағытында келе жатып, жолдың тайғақ учаскесінде қарсы қозғалыс жағына шығып кетіп,  62 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Тойота Ланд-Крузер» автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан «Митсубиси-Лансер» автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, 52 жастағы жолаушы Кеңқияқ кентіндегі аудандық ауруханасында қайтыс болды. Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі де Кеңқияқ кентіндегі ауруханаға жеткізілді, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін босатылды.

ЖКО фактісі негізінде ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі (Абайсызда екі адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Осыған байланысты Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізушілерді жол жүру ережелерін сақтауға шақырады, өйткені сіз және басқа да жол қозғалысына қатысушылар сіздің ойланбаған әрекеттеріңізден зардап шегуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру