Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицей мықты шахматшы болып танылды

Полиция полковнигі Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік қызметкерлері арасындағы сайыста мықты шахматшы болып танылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арнайы және жұмылдыру дайындық басқармасының бастығы Мұрат Қожаев облыстың мемлекеттік қызметшілері арасындағы шахматтан турнирде бірінші орынды иеленді. Турнир 13 маусым күні өтті. Осындай сайыстар 23 маусымда аталып өтетін Қазақстанның мемлекеттік қызметшісі күні қарсаңында дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Биылғы жылы, карантиндік шекетулерді ескере отырып, іс-шара www.chess.com. сервисінің көмегі арқылы қашықтықтан өткізілді.
Турнирге облыс бойынша 19 мемлекеттік қызметші қатысты – әр ұйымнан бір қызметкерден. Ойын блиц түрінде болды: әр ойыншыға бес минуттан берілді. Мұрат Қожаев компьютер белгілеген қарсыластарымен жеті тур ойнап, мүмкін болған жеті ұпайдың 6,5 алды.

– Ойын шиеленісті болды, – деп өз ойымен бөлісті полиция полковнигі. – Маған жақын қарсыласым да 6,5 ұпай жинады. Жеңімпазды компьютер Бухгольц жүйесі бойынша анықтады. Ол бойынша әр ойыншының нәтижесі есептеледі және тең болған жағдайда, жеңіс барынша мықты қарсыластармен ойнаған қатысушыға беріледі. Менің коэффициентім 25.25 құраса, қарсыласымдікі – 24.75 болды. Осының өзіне қарап –ақ, барлық қатысушылардың дайындық деңгейлерінің мықты екендіктерін көруге болады…

Мұрат Қожаев шахматпен бала кезінен әуестенген, жарыстарға 25 жасынан қатыса бастады. Облыстың күміс жүлдегері болды, 1 разряд деңгейіне ойнайды. Сондай-ақ самбо және қазақ күресін бірге алып жүреді, аталған спорт түрлері бойынша облыстық сайыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, республика деңгейінде СҚО абыройын қорғады. АЖДБ атауының өзі дене бітімінің мықтылығын білдіреді. Мұрат Қожаевтың ойынша, полиция қызметкері жан-жақты дамуға талпынуы керек, мұны ПД қызметкерлеріне арнайы дайындық сабақтарында да айтып отырады.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру