Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда “Газель” жүргізушісі трактормен соқтығысты

Солтүстік Қазақстан облысында “Газель” мен трактор соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 маусым күні сағат 22 шамасында 1969 жылы туған “ГАЗ 33021-212” автошинасының жүргізушісі Жамбыл көшесімен Челюскин көшесіне қарай кетіп бара жытып, басып озу кезінде қауіпсіз аралықты таңдап алмай, жүккөтергіш кранды тасымалдауды жүзеге асыратын John Deere – 8335 R доңғалақты тракторымен соқтығысуға жол берді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

“ГАЗ” жүргізушісі ЖКО орнынан бой тасалаған. Дегенмен, іздестіру іс-шараларының нәтижесінде оның жүрген жері анықталды. Полиция қызметкерлері жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 611-бабы (жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы) бойынша және ҚР ӘҚтК 610-бабы (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) бойынша хаттама толтырды. Екі хаттама да сот органдарының қарауына жіберілетін болады. ЖКО салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. “ГАЗ” автокөлігі айып тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру