Полицей үш баланы өрттен алып шықты
Шығыс Қазақстан облысының полицейі кәмелетке толмаған үш бүлдіршінді өрттен құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицей Иван Назаровтың жасаған ерлігі балалардың риза болған ата-аналарынан белгілі болды, оған дейін тәртіп сақшысы 20 сәуір күні Риддер қаласында болған оқиғаның егжей-тегжейі туралы ешкімге жар салып айтпаған.
Сағат таңғы 05:00 шамасында қалалық полиция бөлімінің жедел уәкілі Интернациональный көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында шаруашылық жайлардан өрт шыққанын байқап қалады.
Тез арада жалын тұрғын үйге келіп жеткен полиция қызметкерінің алдынан үрейленген әйел жүгіріп шығып, өрт шалған ғимаратта кішкене балаларының барын хабарлайды.
Полицей Иван Назаров тез арада жанып жатқан ғимаратқа кіріп, үш баланы эвакуациялаған. Үй іші түтінге толып, көру мүмкіндігін нашарлағанына қарамастан, аналары сипаттаған бөлмені тауып, ұйқыда жатқан балаларды көрпеге орап, тысқа алып шығады.
– Полиция қызметкерінің жинақы, дұрыс, әрі уақтылы әрекеттері біздің отбасымызды құтқаруға көмектесті. Сондай-ақ, ол өрттің көршілес үйлерге таратылуының алдын алуға көмектесті. Біз Иван Назаровқа өте ризамыз, – дейді Риддер қаласының тұрғыны Галина Колесникова.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері тұрғындарға өрт кезінде жоғалған құжаттарды қалпына келтіруге көмектесіп жатыр.
Бұл өрт кезіндегі Риддер қаласы полицейлерінің жанкешті іс-әрекет жасаған жалғыз жағдай емес.
22 сәуірде Поперечное ауылының учаскелік инспекторы өз бетінше шаруашылық жайлардан шыққан өрттің көзін жойды. Өртті көрген полицей Мейірім Азтаев ойланбастан көмекке жүгіріп, тез арада қол асты құралдарының көмегімен отты сөндіруге кіріскен.
– Мейірім Азтаев лезде құдыққа шлангі тығып, сорғыны орнатты. Дәл көз алдымда қоршауға кіріп, өртті сөндіре бастады. Полиция қызметкері бір өзі өртті ауыздықтады, – дейді ауыл тұрғыны Малика Джамалханова.
Учаскелік полиция инспекторының жедел әрекеті арқасында ірі өртке жақын тұрғын үйлер, жайлар, пішен сарайы өрт құрбандарына айналмады.
Осы тұрғыда Риддер қаласының тұрғындары полицейлердің кәсіпкерлігін жоғары бағалады.